Skip to content

ОҚУШЫЛАР WEB – САЙТ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ «М.Өтебаев атындағы жоғары…

ОҚУШЫЛАР WEB – САЙТ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-де «PROF START» жобасы аясында, оңкүндік жазғы оқу лагері жоспарына сәйкес мектеп оқушылары Web парақша құру технологиясымен таныстыру дәрісіне қатысты.
Оқушылар ол жерде web парақшалар жасау, жасақтау түрлері, web-сайт ұғымын түсіндіру, сайт түрлерін анықтау, сайт жасау құралдарының қызметін анықтау, сайт құруда блокнот редакторы және html тегтерінің қолданылуын бағалауды үйренді.
Сонымен қатар, «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасының арнайы пән оқытушылары Тимурбекова Cауле Құлахметқызы мен Медетова Райхан Тынысқызы IT саласының кәсіби бағыттарымен таныстырды.
Оқушылар өздері дербес компьютерге отырып арнайы бағдарламада өздерінің алғашқы Web парақшаларын құрып, «Web дизайн» жұмысшы мамандығына деген әсерлерімен бөлісті.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Жазғылагерь2025
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *