ЖАЗҒЫ ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ ОНКҮНДІГІ АЯҚТАЛДЫ
«М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-де «PROF START» жобасы аясында жазғы оқу лагерінің онкүндігі өз мәресіне жетті.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына техникалық және кәсіптік білім беру бағыттарын кеңінен таныстыра отырып, олардың болашақ мамандық таңдауына көмектесу, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру және жоба арқылы жасөспірімдерді еңбекке баулу мен кәсіби әулетті дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоспарға сай, жақсы деңгейде өтті.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №16, 17, 18 жалпы білім беретін мектептерден келген 7–8 сынып оқушылары жазғы лагерді спорттық ойындар, көңілді старт ойындарымен қорытындылады.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Жазғылагерь2025
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы










