Skip to content

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 2025 жылғы 12 қыркүйекте М.Өтебаев атындағы ЖЖТ…

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылғы 12 қыркүйекте М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжі «Қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы колледж ұжымы мен студенттері арасында талқыланды.

Колледж директоры Утегенов Мусахан Қалаубекұлы Жолдауда көтерілген бірқатар мәселелерге тоқталды. Ары қарай, оқытушылар мен студенттер өз ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ, жасанды интеллектіні дамыту бағыты ерекше назарға алынды. Колледжде ЖИ технологиясын енгізу бойынша тәжірибелер көрсетіліп, бейнематериал ұсынылды. Президент өз сөзінде ЖИ-ді меңгерген мамандарға деген сұраныс күн сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Студенттер де өз көзқарастарын білдіріп, цифрлық технологиялардың білім мен ғылымды трансформациялау үдерісіндегі рөлі жайлы пікір алмасты.
Белсенді студенттер «Заң және тәртіп», мәдениет пен әдеп, патриотизм және өскелең ұрпақтың құндылықтары бойынша өз ойларын ортаға салып, қызу талқылауға қатысты.

#ПрезидентЖолдауы2025
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_АҒАРТУШЫ_ӨЗІҢНЕН_БАСТА!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *