Skip to content

ҮЛГІЛІ ОҚЫТУШЫ, КЕРЕМЕТ КЕЛІН М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің…

ҮЛГІЛІ ОҚЫТУШЫ, КЕРЕМЕТ КЕЛІН

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы Алпысова Гүлшахар Әлімхановна ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған, «Turkistan Media Holding» ЖШС ұйымдастырған «Керемет келін» телевизиялық ұлттық жобасының ІІІ маусымына қатысып, бас жүлде иегері атанды.

Бұл жеңіс – ұстазымыздың білімі мен білігінің, ұлттық құндылықтарды қадірлеудегі еңбегінің, отбасылық тәрбиені насихаттаудағы қажыр-қайратының айқын көрінісі.

Гүлшахар Әлімхановнаны шын жүректен құттықтап, алдағы шығармашылық және кәсіби қызметіне табыс тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *