«САПАЛЫ САБАҚТЫҢ ТІРЕГІ – НАҚТЫ ЖОСПАР МЕН ЗАҢНАМА»
Жас педагогтарға арналған әдістемелік семинар
2025 жылғы 25 қыркүйекте М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде жас педагогтарға арналған әдістемелік семинар өтті. Іс-шараны директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.А. Дауренбаева мен колледж әдіскері С.А. Нуртазина ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты:
– Педагогтарды білім беру үдерісіне қажетті нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру;
– Сабақты тиімді жоспарлаудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Семинар барысында жас мамандарға сапалы сабақ құрудың негізгі тетіктері түсіндіріліп, тәжірибелік кеңестер берілді. Іс-шара соңында педагогтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Бұл семинар жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_АҒАРТУШЫ_ӨЗІҢНЕН_БАСТА!
