Skip to content

«КӘСІП – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ» БЕЙНЕЖОБАСЫ 9 «2 қазан – Қазақстан…

«КӘСІП – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ» БЕЙНЕЖОБАСЫ 9

«2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесін 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасы аясында, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен құндылығын насихаттауға бағытталған «Кәсіп – менің тағдырым» бейнежобасы ұйымдастырылды.
Аталған жобаның негізгі мақсаты – жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін көтеру және жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы орнын кеңінен дәріптеу.
Жобаға колледждің белсенді студенттері қатысып, өздерінің таңдаған мамандықтары туралы 90 секундтық қысқа бейнероликтер түсірді. Бейнематериалда:
1) мамандықтың өз өміріндегі орны мен құндылығы жайлы ой қозғалды;
2) өндірістік оқыту шеберлерімен сұхбат жүргізілді;
3) еңбек адамының қоғамдағы рөлі ерекше атап өтілді.
Бұл бастама студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейтіп қана қоймай, шығармашылық әлеуетін де шыңдады. «Кәсіп – менің тағдырым» бейнежобасы – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы тағылымы мол іс-шаралардың бірі ретінде жастардың еңбекке деген құлшынысын арттырды.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_АҒАРТУШЫ_ӨЗІҢНЕН_БАСТА!
#біздіңТжКБ
#нашеТиПО
#РахметҰстаз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *