Skip to content

⚡ «ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫ» Ашық сабақ М.Өтебаев…

⚡ «ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫ»
Ашық сабақ

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «Техникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Бутанбаева Ақтолқын Ульжаевна ЭҚ-01-24 тобының білім алушыларымен «Электр қондырғыларын монтаждау және бекіту жұмыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – электр қондырғыларын монтаждау мен бекіту жұмыстары бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және өндірістік ортада қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып нақты тәжірибе жинақтау болды.
Оқытушы сабақ барысында заманауи оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, студенттердің белсенді қатысуына жағдай жасады. Тәжірибелік бөлімде білім алушылар электр қондырғыларын құрастыру, монтаждау және бекіту элементтерін орындау арқылы өздерінің кәсіби машықтарын көрсетті.
Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқу мақсаттары толық орындалды. Білім алушылардың белсенділігі, жауапкершілігі және қызығушылығы олардың болашақ мамандығына деген ынтасын айқындады.
Ашық сабақ барысында оқытушының кәсіби шеберлігі мен студенттердің теорияны тәжірибемен ұштастыру қабілеті айқын көрініс тапты. Сабақ өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_АҒАРТУШЫ_ӨЗІҢНЕН_БАСТА!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *