Skip to content

ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ ТАМЫРЫ! М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа…

ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ ТАМЫРЫ!

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде халқымыздың бай рухани қазынасын, салт-дәстүрін дәріптеуге арналған ерекше тағылымды шара өтті.

«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» ұйымдастырған «Дәстүр сабақтастығы – мәдениеттің кепілі» атты іс-шарада айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов пен орталық қызметкерлері жастарға ұлттық болмыс пен тәрбиенің мәнін әсерлі қойылымдар арқылы жеткізді.
Іс-шара барысында:
«Арқан тарту»,
«Қол күрес»,
«Тұсау кесер»,
Сәбиге азан шақырып ат қою – бәрі де ұлт рухының айнасы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан киелі дәстүрлеріміз екенін еске салды.

Жастар белсенділік танытып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бұл іс-шара – өткен мен келешекті жалғайтын рухани көпір, дәстүрге деген құрметтің көрінісі болды.

Дәстүрі мықты ел – болашағы жарқын ел!

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas
#АДАЛ_АЗАМАТ_БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_АҒАРТУШЫ_ӨЗІҢНЕН_БАСТА!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *