КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ ҚОРЫТЫЛАНДЫ
«WorldSkills Shymkent – 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының 30.04.2025 жылғы №249 н/қ бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 13–16 мамыр аралығында Шымкент қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.
Мемлекет басшысының 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына орайластырылып, еңбек адамының мәртебесін арттыру, кәсіптік білімнің беделін көтеру және өндіріс саласына білікті мамандар даярлау мақсатында өткен биылғы чемпионатта:
– 40 құзыреттілік бойынша,
– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Өндірістік және инженерлік технологиялар, Қызмет көрсету саласы, Білім беру, Шығармашылық және дизайн, Құрылыс индустриясы сынды бағыттарды,
– 239 дарынды жас маман өз шеберліктерін көрсетті.
Конкурстық тапсырмалар халықаралық стандарттарға сай әзірленіп, қатысушылардың жұмыстарын қаланың өндірістік кәсіпорындарынан тартылған тәуелсіз сарапшылар кәсіби тұрғыда бағалады.
М.Өтебаев атындағы ЖЖТК 17 құзыреттілік бойынша қатысты. Қорытындысы:
І-орын, 8 құзыреттілік;
ІІ орын, 5 құзыреттілік;
ІІІ орын, 4 құзыреттілік;
«WorldSkills Kazakhstan – 2025» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына 5 құзыреттілік бойынша жолдама алды.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы










