Skip to content

 «Техникалық» бөлім

«Техникалық» бөлімнің меңгерушісі – Калыкулов Нурмахан Рахманкулович

2001 жылдан бастап білім саласында жұмыс атқырып келеді, 2006 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін осы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде қызмет жасап келеді.

 2025-2026 оқу жылында «Техникалық» бөлімде «07320600 Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау» ,« 07321400 Гидротехникалық мелиорация» , «4S07320501 Техник-гидротехник» ,«07321300 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» «07140500  Сандық техника»  мамандықтары бойынша 408 студент білім алуда.

Колледжде студенттердің сапалы білім алуына жәнеде теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып шығуына барлық жағдайлар жасалынған.

 

Бөлімде студенттердің теориялық сапалы білім алуымен қатар тәрбие жұмыстарына да қатты көңіл бөлінеді, түрлі бағытта іс-шаралар ұйымдастырылады, студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, тәртіпті болу,  бұның бәрі біздің түлектердің заманауи,  бәсекеге қабілетті маман, жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.  

 

 

 

Студенттеріміздің теориялық алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып өндіріс орнындарында түрлі жобаларды іс жүзінде тәжірибеден  өткізеді.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетіне қарасты «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалының қолдауымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «MANSAP» орталығының ұйымдастырумен бөлім студенттері  «Бадам су қоймасы» практикадан өтеді.

   

 

Бөлім студенттері колледжде өткізіліп жатқан барлық іс шараларға белсенді түрде қатысып келеді.Сонымен бірге бөлім студенттері қарттар үйіне барып арнайы мерекесімен құттықтап бару,көмектесу дәстүрге айналған.

 

 

   

 

 

 

 

Бөлім меңгерушісі: Калыкулов  Нурмахан  Рахманкулович. Магистр.

Бөлімде қазіргі заман сұраныстарына ие техникалық бағыттағы мынадай мамандықтар бойынша оқытады:

07320600 Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау

07140500 Сандық техника (түрлері бойынша)

07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)

Бүгінде бөлімде 16-топ 356 студент білім алады.

Біздің әлеуметтік серіктестеріміз ЖШС “Ай-Сервис Транс”, ЖШС  «НУПЦ Мұнай Газ Проект», «DITel» ЖШС болып табылады,онда студенттеріміз тәжірибеден өтеді.

Бөлім  студенттерінің  үйірме жұмыстарына, спорттық т.б. жарыстарға қатысуы, алған орындары және мақтау қағаздары:

«WorldSkills Shymkent-2022» республикалық чемпионатына ЕТ-04-19 тобының студенті Хен Виктор Владимирович «WorldSkills Shymkent-2022» республикалық чемпионатына «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзіреттілігі бойынша қатысты.

Парламенттің ұйымдастыруымен өткен «Мен тәуелсіз елдің салауатты ұрпағымын» тақырыбында өткен бөлім аралық спартакиада кезінде ерлер арасындағы футболдан І-орын алғаны және үздік ойын көрсеткені үшін «Техникалық» бөлімі марапатталды.

Республика күні қарсаңында, 2022-балалар жылына орай «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында кіші футболдан 1 курс арасында бөлімаралық жарысқа қатысып 2-орынмен «Техникалық» бөлімі марапатталды.

Аялы алақан жәрмеңкесінде жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластары мен аялы алақандарын созып, адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқаны үшін «Техникалық» бөліміне алғыс хат берілді.