Мен, Караева Майра Ордабековна, 02 мамыр 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туылдым. 1993 жылы Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық университетінің «Мемлекеттік іс жүргізу және басқару» факультетін бітірдім.

1993ж. қыркүйек айынан осы күнге дейін Шымкент қаласындағы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде жұмыс істеймін. Колледждің «Салалық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі лауазымында 2022 жылдың 1қыркүйегінен бастап еңбек етемін. Бөлімде жалпы студенттер саны 250, олардың ішінде І курста – 3 топ, ІІ курста – 4топ, ІІІ курста – 3 топ, ІV курста – 1 топ білім алып келеді.

Бөлімде 7 топ қазақ тілінде, 4 топ орыс тілінде білім алуда.
Бөлімнің жетістіктеріне келетін болсақ, колледждің студенттік парламентінің ұйымдастыруымен өткен «Мен- тәуелсіз елдің салауатты ұрпағымын» тақырыбында өткен бөлім аралық жалпы спартакиядада қыздар арасындағы волейболдан І орын, командалық есепте ІІ орын, баскетболдан ІІІ орын, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Наурызнама» онкүндігі аясындағы Ұлттық спорт күніне арналған жарыстан жүлделі ІІІ орынға ие болды.Шорт-тректен Қазақстан Республикасының Чемпионатында І және ІІ орындарға ие болды. «Күзгі асар» жәрмеңкесінде адамдық мейірімділік танытқаны үшін Алғыс хатқа ие болдық..DIGITAL KAZAKHSTAN: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» атты оқушылар мен студенттерге жас ғалымдар мен жас зерттеушілерге арналған XV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жеңімпазы болып бөлім студенті Әбіләш Жұлдыз марапатталды.
Бөлімде біліктілігі 4S04110102 – Бухгалтер- 04110100 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша , біліктілігі 4S07130202 Техник-электрик 07130200 «Электрмен қамтамасыз ету» мамандықтарын дайындаймыз.Білім алудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының еңбек нарығында бәсекеге сай, заманауи инновациялық технологияларды, жасанды интеллектті меңгере алатын мамандар дайындау. Тәрбие жұмысының алға қойған мақсаты – елімізге деген патриоттық сезім мен келешекте қажет етілетін әрбір тұлғада адами қасиеттерді қалыптастыру.



Бөлім меңгерушісі: Караева Майра Ордабековна
2022 жылдың 1-қыркүйегінен бастап бөлім меңгерушісі болып еңбек етіп келеді. Бөлімде 04110100 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, біліктілігі 4S04110102
«Бухгалтер» мамандығын дайындайды.Бөлімде жалпы студенттер саны: 225
Білім алудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының еңбек нарығында бәсекеге сай, заманауи инновациялық технологияларды меңгере алатын мамандар дайындау.

Бөлімде 5топ қазақ тілінде, 5топ орыс тілінде білім алуда.
Бөлімнің жетістіктеріне келетін болсақ, колледждің студенттік парламентінің ұйымдастыруымен өткен «Мен- тәуелсіз елдің салауатты ұрпағымын» тақырыбында өткен бөлімаралық жалпы спартакиадада қыздар арасындағы волейболдан І орын, командалық есепте ІІ орын, баскетболдан ІІІ орын, «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тақырыпта өткен колледжілік сурет байқауында І және ІІ орындарға ие болды. «Аялы алақан» жәрмеңкесінде адамдық мейірімділік танытқаны үшін Алғыс хатқа ие болдық.





Салалық бол
