Skip to content

«ӨМІРЛІК МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК АНЫҚТАЛУ» М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжінде…

«ӨМІРЛІК МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК АНЫҚТАЛУ»

М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжінде 25.04.2025 күні «Психологиялық қолдау орталығы» маманы Беспаева Кулшат Нурмаханқызы «Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу» тақырыбында студенттермен және «Бақытты Ата- ана-бақытты бала» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізді.
Тренингте топтық жаттығулар, өзін-өзі тануға бағытталған тапсырмалар мен ашық пікірталастар арқылы студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, өздерінің болашақтағы мақсаттарын айқындауға, ішкі құндылықтарын түсінуге және жеке даму жолдарын саралауға мүмкіндіктер алып, жаңа көзқарастар қалыптастырды.
Ата-аналармен өткен кездесуде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру және отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы талқыланып, бала тәрбиесінде туындаған мәселелер бойынша психологиялық қолдау көрсету жайында ұсыныстар айтылды.
-Балаға тұрақты змоциялық қолдау көрсету;
-Ата-ана мен бала арасында ашық қарым-қатынас дамыту;
-Баланың жақсы жақтарын қолдап, жағымды мінезін мадақтау;
-Әр баланың қызығушылығымен дарынын анықтап, соған сәйкес үйірмелерге бағыттау.

Сонымен катар ішкі даму мен тұлғааралық өсу жолындағы маңызды қадамдарға уйрету болды.
Жоғары деңгейде өткен тренингке ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Наурызнамамерекеліконкүндігі2025
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#бүгінбіздеқонақта
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *