Skip to content

2025-2026 қабылдау

Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы 5 маусымдағы №28-ө өкімімен құрылған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі (ТжКОБКБ) бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 23 маусымдағы №2 хаттамалық шешімімен Шымкент қаласы көлемінде ТжКОБКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранттар) орналастырылатын білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілді!
Осыған орай, комиссияның шешіміне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес талапкерлердің өтінімдерін қабылдау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (колледждер) мен «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Комиссияның ТжКОБКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ТжКОБКБ ұйымдарында орналастыру туралы шешімін (мамандықты /біліктілік/, оқыту базасын /9, 11-сынып, ТжКБ/, оқыту тілін және жобалық мүмкіндігін) төмендегі сілтеме арқылы көруге болады…
https://drive.google.com/file/d/1uJIqQWiMztZ7wZ4CxLmT_OIIKoCMfvAT/view?usp=drive_link

Loader Loading…
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab