ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ
М.Өтебаев атындағы ЖЖТК-де 2025 жылдың 14 мен 18 сәуір аралығында 1-курс студенттері арасында далалық оқу-жаттығу жиыны өтті.
Оқу бағдарламасы сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындығы» пәні бойынша ер балаларға саптық дайындық, тактикалық дайындық, әскери топография және атыс дайындығы, ал қыз балаларға медициналық дайындықтан жалпы 30 сағаттық практикалық сабақтар өтілді.
Сонымен қатар, Дене шынықтыру пәні бойынша 100 метрге жүгіру, арқан тарту, кермеге тартылу, қол күрес және кір тасын көтеру спорт түрлерінен взводтар арасында жарыстар өткізілді.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша нормативтерді үздік орындағандар және дене шынықтыру пәні бойынша әскери-спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткендер марапатталды.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
