СТУДЕНТТЕР БАДАМ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетіне қарасты «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалының қолдауымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «MANSAP» орталығының ұйымдастырумен колледж студенттері «Бадам су қоймасы» жұмысымен танысып қайтты.
Студенттердің су қоймаларының жұмысымен практикалық танысуы – бұл білім алудың маңызды аспектісі. Су қоймалары – экосистема, ауыл шаруашылығы, энергетика және сумен қамтамасыз ету үшін қажетті ресурс болып табылады.
Практикалық тұрғыда танысу студенттерге су қоймаларының құрылымы мен жұмыс принциптерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Олар судың деңгейін бақылау, экологиялық жағдайды бағалау және су ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын үйренеді.
Болашақ мамандар үшін бұл маңызды тәжірибе, себебі олар табиғи ресурстарды басқару және экологиялық проблемаларды шешуде белсенді рөл атқара алады және болашақта студенттеріміздің кәсіби жетістіктеріне негіз қалайтын болады.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы






