«БИЗНЕС-СТАРТАП» ОРТАЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
10 сәуір 2025 жылы М.Өтебаев атындағы ЖЖТК Жұмысшы мамандықтар жылына арналған медиа жоспарына сәйкес ««Бизнес-стартап» орталықтары арқылы 25 колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру» аясында студенттердің бизнес жобаларын қорғау жүргізілді. «Бухгалтерлік және экономикалық пәндер» кафедрасының оқытушылары Г.Т.Қосманбетова, Р.М.Бекбулатова, А.М.Оразбаева, А.Б.Молдахметова, С.М.Батырбаева жетекшілік етумен жасалған көптеген студенттердің бизнес жобалары қаралды.
«Бизнес-стартап» орталықтарының басты мақсаты: колледж студенттерінің кәсіпкерлік ойлауын дамыту, инновациялық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру және заманауи нарық талаптарына сай бизнес жүргізу дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру.
Бұл мақсатқа жету үшін оқу процесінде студенттерге кәсіпкерлік негіздері бойынша теориялық біліммен қатар, тәжірибелік жобалармен айналысу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, стартап-жобалар құру, бизнес-жоспар жасау, нарықты талдау, маркетинг, қаржылық сауаттылық және менеджмент салаларында машықтану арқылы олардың нақты кәсіпкерлік ортада жұмыс істеуге дайындығы артады. Мұндай орталықтар жастардың өз ісін ашуға деген қызығушылығын арттырып, ел экономикасының дамуына үлес қосатын жас буынды қалыптастыруға ықпал етеді.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Наурызнамамерекеліконкүндігі2025
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
