Skip to content

Кәсіптік бағдар беру – табысты болашаққа маңызды қадам М.Өтебаев атындағы…

Кәсіптік бағдар беру – табысты болашаққа маңызды қадам

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі «Техникалық пәндер» кафедра оқытушылары Заурбеков М.Н., Орынбасарова А.О. қаламыздағы «Айбек атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мектебіне кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша барды.
Оқушылармен кездесу барысында, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауды, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болатыны туралы, қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс екендігін түсіндіре отырып, өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттыратынын айта өтті.
Қазіргі уақытта заманауи білім беру кеңістігінде өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Қоғам дамуының қазіргі заманғы тенденциялары, еңбек нарығының динамикасы мен технологиялық прогресс заманауи адамға қойылатын талаптарға айтарлықтай әсер етуіне байланысты, колледжіміздегі оқытылып жатқан мамандықтарға грантқа түсуге үгіт насихат жүргіздік.
«Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!»

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *