СІЗГЕ ДЕ ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІН
03.03.2025ж күні «Ақпараттық жүйелер» бөлімінің АЖ-01-22 тобы, топ тәлімгері Хамзина Алтынай Маратқызы және АЖ-02-22 тобы, топ тәлімгері Досаева Асия Қуатбекқызы студенттерді кітап оқуға қызықтыру, оқу арқылы білімдерін, сөздік қорларын, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Мен оқыдым, сізге де оқуға кеңес беремін» тақырыбында кітапханамызда ашық тәрбие сағатын өтті.
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және бір-бірімен кітап алмасуға ынталандыру, сонымен қатар топ арасындағы ынтымақтастық, достық, бірілікті нығайту мақсатында өткен тәрбие сағаты жақсы деңгейде ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, көрермендер арасында түрлі ойындар өткізіліп, ұлттық аспап домбырамен күй шертіліп, «Қағаз кітап па, әлде электронды кітап па?» пікірталас жүрігізілді.
Сондай-ақ топ студенттері өздері оқыған сүйікті кітаптарынан сыр шертіп, түсіндіріп, оқуға шақырды.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#оқуғақұштармектеп
#оқуғақұштарколледж
