"Мамандық таңдаудың маңыздылығы мен оның өмірлік мәні"
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде оқытылатын мамандықтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында "Техникалық пәндер" кафедрасының оқытушысы Битемирова Ұлжалғас Қалқаманқызы-№130 жалпы орта білім беретін мектебінде 9 сыныптар арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.
Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі, себебі ол оның болашақта қандай салада жұмыс істейтінін, қандай құндылықтарды қабылдайтынын және өмірінде қандай мақсаттарды қоятынын айқындайды.
Қате таңдалған мамандық адамның өмірлік құндылықтарына, қызығушылықтарына және мақсаттарына сәйкес келмей қалуы мүмкін, бұл өз кезегінде эмоционалды және психологиялық қиындықтар туындатуы мүмкін. Осы мақсатта колледж психологы Еркинбекова Акзада Оралбековна мен әлеуметтік педагог Тұрғанбай Ұлсана Бақтыбайқызы мектеп оқушыларына талдау арқылы адам өзіне ең қолайлы, жүрек қалауы мен қабілеттеріне сай мамандықты таңдай алуына көмек көрсетті. Мамандыққа байланысты ойындар ойнатып, сұрақ-жауаптармен алмасты.
Әрбір мамандық адамның белгілі бір дағдылары мен білімін дамытуға мүмкіндік береді. Мамандық таңдағанда, өзіңіздің әлеуетіңізді ескере отырып, қай салаларда жақсы нәтиже көрсететініңізді анықтау маңызды. Бұл кәсіби дамуға және өз ісіңіздің маманы болуға жол ашады.
Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуге атсалысқан №130 жалпы орта білім беретін мектептің "Кәсіби бағдар жұмыстарына" жауапты маманы Алиева Гаухар Исаевнаға және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз!
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025






