Skip to content

12.02.2025ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің ЖІЖ комитеті,…

12.02.2025ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің ЖІЖ комитеті, студенттік парламенттің мәдениет және өнер фракциясы және «Дене шынықтыру»және «АӘД» кафедрасының педагогі Запастағы майор Рутемов Байзақ Қалуұлымен «Жас сарбаз» клубы бірлесіп Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығуына 36 жыл толуына орай «Ерлік ұмытылмайды» атты тақырыбында Шымкент қалалық «Ауған соғысы мүгедектері қоғамының» мүшелері, Ауған соғысы ардагерлері Ералы Сапарбайұлы Оразбаев және Омірбай Өскенұлы Қалдыбек ағаларымыздың қатысуымен кездесу өткізілді. Іс шара осы ауғанның от жалынынан оралмаған, марқұм болған ауған соғысының жауынгерлерін бір минут үнсіздік сақтап, еске алумен басталып, Рутемов Байзақ Қалуұлы алғашқы сөз алып келген ардагерлерді таныстырды. Өз кезегінде ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жастарымыздың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Кесдесу «Жас сарбаз» клубының мүшелері арасында автомат шашудан жарыспен жалғасса, парламент белсенділері ағаларына арнап өлендерін оқып, домбырамен күй тартып, әнмен шашу шашып, мың бұралған бишілер би биледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *