Skip to content

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіби білім…

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіби білім беру мен еңбек нарығына қажетті мамандарды оқытуды жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі 55 жылдан астам уақыт мамандар дайындап, олар түрлі салаларда жұмыс жасауда. Колледжде оқытылатын мамандықтарды насихаттау, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар ету, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, басымдықта (техникалық жұмысшы мамандарды) дәріптеу мақсатында «Техникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары А.У.Бутанбаева, А.Д.Байсалова, А.С.Бекбергенова, А.А.Акимкулова Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Момышұлы атындағы №44 ЖОББМ, №51 ЖОББМ оқушыларына 7.02.2025 жылы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіптік бағдар беру аясында-жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, оқуға түсудің ережелері айтылды.Кәсіптік бағдар беру жұмыстары барысында оқушыларға оқу орнына түсу үшін өзіне лайықты мамандығын таңдауға байланысты толық мәліметтер берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *