Skip to content

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТЕГІ ОҚУ ПРАКТИКАСЫ Оқу практикасынан өту – бұл студенттердің…

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТЕГІ ОҚУ ПРАКТИКАСЫ

Оқу практикасынан өту – бұл студенттердің теориялық білімдерін іс жүзінде қолдану мүмкіндігі. Ол тек білімді тереңдетуге ғана емес, сондай-ақ кәсіби дағдыларды игеруге, жұмыс орнында өз орнын табуға, болашақта мансаптық жолда алғашқы қадамды жасауға көмектеседі. Оқу процесінің кестесі бойынша «Салалық мамандықтар» бөлімі «Есеп және аудит» мамандығының студенттері оқу практикасын колледждің әлеуметтік серіктесі «Динар» бухгалтерлік мектебі» ЖШС базасында өтті.
Оқу практикасының негізгі мақсаттары:
1. Теория мен тәжірибені ұштастыру – колледжде алған білімдеріңізді нақты жұмыс жағдайында қолдануға мүмкіндік береді.
2. Кәсіби дағдыларды дамыту – тәжірибе алу арқылы нақты жұмыс процесіне қатысып, кәсіби дағдыларды игересіз.
3. Командалық жұмыс – әртүрлі мамандықтағы адамдармен бір командада жұмыс істей отырып, коммуникация және ынтымақтастық қабілеттерін дамытасыз.
4. Кәсіби бағытта ойлау – өз салаңыздағы жұмыс үрдістерін, ұйымның ішкі құрылымын түсіну мен бағалау.
Оқу практикасы студенттердің болашақ мамандығы бойынша дайындықты жетілдіріп, олардың нақты тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, практика барысында студенттер өздерінің қабілеттерін, қызығушылықтарын және күшті жақтарын анықтап, нақты кәсіби салада жұмыс істеу үшін алғашқы қадамдарын жасайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *