КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
30 қаңтар 2025 жылы Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «Жалпы білім беру пәндер» кафедрасының оқытушылары С. Е.Ташкараева және А.Т.Абикенова А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, колледждің тарихымен, дайындалатын мамандықтармен, колледжге түсу тәртібімен таныстырып шықты.
Колледж мектеппен бірге оқушыларға өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауға көмектеседі. Кәсіби бағдар беру жұмысы арқылы біз оқушыларға болашақта табысты әрі бақытты болу үшін дұрыс қадам жасауға бағыт береміз.
Кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың болашаққа деген сенімділігін арттырады, оларды дұрыс бағытта дамытып, өзінің арманы мен мақсатын табуға көмектеседі. Өз жолын дұрыс таңдау үшін кәсіби бағдар берудің маңызы зор!
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы









