КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
М.Өтебаев атындағы ЖЖТК «Жалпы білім беру пәндер» кафедрасының оқытушысы Шарапат Нарбекова Шымкент қаласы Білім басқармасының
«Ж.Аймаутов атындағы №64 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәсіби бағдар беру жұмысының мақсаты:
* болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдар беру. Қазақстанда жоғары сұранысқа ие техникалық мамандықтар екендігін айта отырып, бүгінде колледж қабарғасында оқытылатын, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар тізбесімен таныстырып өтті.


