Skip to content

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ: БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ ЖАСА! 2025 жыл «Жұмысшы…

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ: БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ ЖАСА!

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны баршаңызға белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! -деп қадап айтты.
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжде оқытылатын мамандықтарды насихаттау мақсатында 30 қаңтар 2025 жылы «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы Досаева Асия Куатбековна Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№75 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
9-сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар тізімі, оқу ғимараты, оқуға тапсыру үдерісі жайлы толық ақпарат берілді. Мектеп оқушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.
Кәсіби бағдар беру жұмысы – оқушыларға өзінің қызығушылықтары, қабілеттері мен еңбек нарығындағы сұраныс негізінде болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.
Сондай-ақ оқушылардың болашаққа деген сенімділігін арттырады, оларды дұрыс бағытта дамытып, өзінің арманы мен мақсатын табуға көмектеседі.
Әрбір жасөспірім үшін кәсіби жолды таңдау – маңызды шешім.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *