«ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРАКТИКАСЫ
Оқу процесінің кестесі бойынша «Салалық мамандықтар» бөлімі «Есеп және аудит» мамандығының ЕА-01-23, ЕА-02-23 топтарында «Ақша қаражаттары және олардың баламаларының қозғалысына сәйкес операциялар есебі» кәсіптік модулі бойынша оқу практикасы 2025 жылдың 6-17 қаңтар аралығында өтті.
Бұл тәжірибелік кезең — болашақ бухгалтерлердің кәсіби дағдыларын дамыту үшін өте маңызды кезең. Студенттер колледждегі оқу бухгалтериясында, сонымен қатар кәсіпорындарда, қаржылық ұйымдарда жұмыс істей отырып, есеп жүргізу, қаржылық есептілік дайындау сияқты нақты жұмыстармен танысты.
Оқу практикасының мақсаты:
• Теориялық білімді тәжірибеде қолдану;
• Қаржылық есептілікті дайындау;
• Аудит жүргізу әдістерін үйрену;
• Құжаттарды рәсімдеу мен бақылау жұмыстарын орындау.
Студенттер үшін бұл практика кәсіби тәжірибе жинақтау, қазіргі заманғы бухгалтерлік және аудит жүйелерімен танысу, болашақ мамандықтары бойынша нақты дағдыларды меңгеруге қажет болып табылады. Әрбір студентке практика барысындағы кеңестер мен нұсқаулықтар тәжірибелі мамандар тарапынан беріліп, олардың кәсіби шыңдалуына көмектесті. Бұл кезең — болашақта еңбек нарығында табысты маман болуға жол ашатын маңызды қадам.
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
@oku_agartu_ministrligi
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#оқуғақұштарколледж
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу





