Skip to content

«ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» Колледжішілік олимпиада өтті 23.10.2023ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары…

«ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ»
Колледжішілік олимпиада өтті

23.10.2023ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының апталық жоспарына сәйкес, кафедра оқытушылары Ғ.Ә.Қошаманова және С.Ж.Тулешованың ұйымдастыруымен «Тарих және география» пәндерінен «Тәуелсіздік дәуірі» тақырыбында І курс студенттері арасында колледжішілік олимпиада өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты- туған өлкенің тарихын зерттеуге қызығушылықты арттыру, дамыған ғылыми-ізденістік, көпмәдениетті адамгершілік және шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Олимпиада екі турдан тұрды және офлайн режимінде өтті.
I-турда олимпиадаға қатысушылар 45 (қырық бес) минут ішінде 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады.
II-турда– «Алтын адам». (1969ж. Алматы облысы, Есік қорғаны), «Мөде қаған», «Менің отбасымның шежіресі», «мен Шыңғыс хан болсам»…., «Қазақ хандығы-ұлт тарихы», «Ақтабан шұбырынды-Ұлт қасірет жылдары» тақырыптарында және география пәні бойынша «Қазақстанның өзен, көл су ресурстары», «Қазақстанның экономикалық аудандарына экономикалық – әлеуметтік сипаттама», «Қазақстанның пайдалы қазбалары – елдің минералдық ресурстары», «Қазақстандағы елді мекендер мәселелері», «Қазақстанның табиғи – ресурсттық әлеуеті» эссе жазу берілді. (200-250 сөз);
Оқу бағдарламасына сай өткен колледжішілік олимпиадаға 27 студент қатысып, бақ сынасты.
Олимпиада қорытындысы бойынша белсене қатысқан студенттер жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Әрине олимпиадада жеңімпаздар бар, бірақ жеңілгендер жоқ. Өйткені, әрбір білім сайысы студенттердің білім деңгейінің көтерілуіне елеулі әсер етіп, болашақтағы жоспарларын орындауға тың серпін береді.

#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#оқуғақұштарколледж
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *