Skip to content

«ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» Шеберлік-сабақ 21.10.2024ж күні «Қоғамдық…

«ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
Шеберлік-сабақ

21.10.2024ж күні «Қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы барысында кафедра оқытушылары О.В.Бекметова мен С.Ж.Тулешованың ұйымдастыруымен «ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тақырыбында колледж оқытушыларының қатысуымен шеберлік-сабақ өткізді.
Мақсаты: Колледж студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі білім беру технологиялары мен әдістері арқылы жаһандық құзыреттіліктерді қалыптастыратын дағдыларды оқыту және оларды сабақ барысында қолданудың маңыздылығын ашу.
Бүгінгі шеберлік сабағында білім берудегі функционалдық сауаттылықты дамытудың маңызы, қазіргі еңбек нарығының талаптары, жаһандық құзыреттіліктерді қалыптастыру – 21 ғасыр дағдылары, жаһандық құзыреттіліктерді дамыту үдерісінде әртүрлі технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану бойынша қамтылған мәселелер төңірегінде сөз болды. Студенттердің жаһандық құзыреттіліктерін дамыту үдерісінде әртүрлі технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану мүмкіндіктерін қарастыру бойынша тапсырмалар берілді.
Жаһандық ауқымдағы тәуекелдер мен қарама-қайшылықтар жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады, сонымен қатар жаңа проблемаларды да туындататыны жайлы айтылды.Сабақ барысында құзыреттіліктің бүгінгі күнде ерекше, болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасауға, болашақ жас мамандарды заман талабына сай дайындауға керекті жаңа түрі цифрлық құзыреттілікті қарастырды.
Шеберлік-сабақ соңында қатысушы оқытушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар бойынша рефлексия білдірді.
Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Білім алушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#оқуғақұштарколледж
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *