Skip to content

КОЛЛЕДЖГЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде…

КОЛЛЕДЖГЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жұмыстары басталды.
Қабылдау комиссиясы ҚР Оқу-ағарту министрінің Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жұмыс жасауда.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау:
1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына – күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына – күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына:
– мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында;
– жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында;
– ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында;
– оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
– шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
– педагогикалық мамандықтар бойынша – күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

Қызметке кім жүгіне алады:
18 жасқа дейінгі талапкерлер заңды өкілдерімен бірге, сондай-ақ 18 және одан жоғары талапкерлер өз бетінше.

Прокуратура Шымкент
Шымкент Қаласының Полиция Департаменті
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
#oku_agart
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#MeninQazaqstanym
#құқықбұзушылыққақарсымын
#қалапрокуроры
#қосымшабілімберуорталығы
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#антикор
#Talapkerkz2024
#qabyldautipo2024

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *