Skip to content

«ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР» Ашық есік күні 2024 жылы 7-маусым күні…

«ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР»
Ашық есік күні

2024 жылы 7-маусым күні Шымкент қалалық білім басқармасының М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа колледжінің студенттері Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық денсаулық орталығы» МКК-на «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар» жоспарына сәйкес «Өз көзіңмен көр» тақырыбында ашық есік күніне қатысып, белсенділік танытты.
Іс-шарада бағдарлама жетекшілері РЦ «Ренессанс Шымкент»: Абилов Рахат Сапабекович, Ичетовкин Анатолий Николаевич және арнайы мамандар: психиатр-нарколог дәрігер-Одаман Меруерт Салимбаевна; уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының меңгерушісі-Ермаханова Перизат Умирзаковна жастарға салауатты өмір салтын насихаттауға, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау үшін алдын алу жұмыстарының маңыздылығын түсінуге, жастар тобында еліктеушіліктен есірткіні қолданудың ең көп жағдайы байқалатынын айтып, дәлел ретінде емделушімен жүзбе-жүз әңгімелесе отырып, сұрақ-жауап жүргізді. Сонымен қатар Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Кыпшакбаев Рауан Мухитулы жастарға психологиялық кеңестер мен түрлі маңызды ақпараттармен бөлісті. Шара барысында «Психикалық денсаулық орталығының» базасымен таныстырып, емделушілердің ем алу режиміндерін көрсетті.
Жастар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, өздерінің нашақорлық мәселесіне байланысты теріс көзқарастарын білдірді.
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#менбуллингкеқарсымын
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *