САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
31-мамыр Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қазақ халқының өткенін тағы бір мәрте еске алуға, қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етіп, тәуелсіздігімізді бағалауға септігін тигізеді.
Қазақ халқының мүддесін қорғайтын зиялы қауымының тұтас бір ұрпағы қуғын-сүргін кезінде жойылды деуге болады. Қазақ халқының жартысынан көбі ашаршылықта қырылды, бұл оқиғаларды ел ұмытпайды. Бұл бір жағынан халық арасындағы ұлтжанды, зиялы қауымды жою, сол арқылы халықтың ұлттық болмысы мен бірлігіне соққы беру, екінші жағынан халықты тікелей жою әрекеті еді.
Осы орайда 31.05.2024ж күні Шымкент қаласы, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде білім алушыларға «Тар заман» киносы көрсетілді. Мақсаты: Қазақ жастарының бойына ұлттық рухты сіңіру, отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа сеніммен қарауға жетелеу.
Қазақ халқы өз ұрпағын ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы тәрбиені жалғастыру үшін әрбір азамат өткен күнгі тарихты, батырларымыздың ерлігін білуі керек. Сондықтан да тәрбиені қалай қолға алсақ, патриоттық сезімді де дәл осындай дәрежеде, биік ұстауымыз қажет.
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#менбуллингкеқарсымын
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие



