КОУЧИНГ ӘДІСІМЕН МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ
2024 жылдың 30-мамырында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде арнайы пән оқытушысы, педагог-шебер Алтынбаева Анна Валерьевна «ОСОБЕННОСТИ ПОДГОТОВКИ И РАЗВИТИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ НАВЫКОВ УЧАСТНИКОВ ЧЕМПИОНАТА «WORLDSKILLS», педагог-зерттеуші, ICU-мен сертификатталған коуч Алиева Рахат Бахтияровна «Коучинговый подход при подготовке студентов к чемпионату профессионального мастерства» тақырыбында МАСТЕР-КЛАСС өткізді.
Кәсіби шеберліктің WorldSkills чемпионаттары мансаптық тәлімгерліктің және мамандықтардың беделін арттырудың белсенді құралы ретінде республикада ауқымды өріс алды, құзыреттер саны өсті. Аталған үрдіс өндіріс әдістерінің түбегейлі өзгеруіне ықпал жасап, мамандардың білімі мен еңбек дағдыларына жаңа талаптар қоя бастады.WorldSkills бәсекелестік қозғалысы қазіргі уақытта кәсіби білім беру ұйымының инновациялық дамуының қуатты тетігі болып табылады. Кәсіби шеберлік жарыстарына дайындықты белгіленген үш кезеңдік моделден жобалау қажет. Оған әдістемелік негіздеуді бөлек қарастыратын және мұқият талдайтын тұстары бар. Осы мәселелер туралы егжей-тегжейлі талданған мастер-кластың жаңа ақпараты мол болды. Колледждерде WorldSkills бәсекелестік қозғалысын дамытудың маңызды бағыттарының бірі – бұл құзыреттілік орталықтарының жұмысын жүйелі құру дейтін болсақ, оған дәл осындай әдістемелік сүйемелдеу қажет екенін дер кезінде түсінген колледждің әдістемелік орталығы ұйымдастырған бұл шараға қатысқан барлық педагогтар ризашылықтарын білдірді. Біз өз кезегімізде осындай мастер-класты жоғары деңгейде өткізген тәжірибелі ұстаздарымыз Алиева Рахат Бахтияровна мен Алтынбаева Анна Валерьевнаға алғысымызды білдіреміз.
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#менбуллингкеқарсымын
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорта








