Skip to content

«TEDx» ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ 2024 жылдың 14 мамырында М.Өтебаев атындағы…

«TEDx» ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2024 жылдың 14 мамырында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен және студенттерімен Халықаралық, Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, кезінде Шымкент қаласының бас ақыны атанған Әбдіхалық Әбдірайымұлы (Сабит ақын) еркін (TedX) форматта кездесу өткізді.
ҚР айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы төрағасы Әбдіхалық Әбдірайымұлы өзінің 63 жас мерейтойына орай шығармашылық кешін, кезінде өзі еңбек жолын бастаған осы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінен бастағанды жөн санапты.
Кешке ақынның шәкірттері Берік Тұрсынбеков бастаған «Шымкент-шоу» театрының әртістері Қарлығаш, Нұрболат, Самат, Мейіржан және «Тимур мен Арай» дуэті, Ақмарал Биназарова, Әлден Жақсыбеков сынды өнер жұлдыздары қатысып, өнерлерін көрсетіп, ән шырқап көпшілікті тәнті етті.
Тарихи естеліктер айтылды, ақынның сөзіне жазылған керемет әндер шырқалды. Колледж студенттері ақынның өлеңдерін оқып, шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, сыйлыққа ақынның қолынан кітаптарын алып марқайып қалды. Жастар тәрбиесіне, адамгершілік қасиеттерге, жалпы ұлттық құндылықтарға қатысты жазылған өлеңдері, көрсетілген интермедия арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық, отбасылық құндылықтар дәріптеліп, өмірде үлкен мақсат қоя білу, мақсатқа жету үшін аянбай адал еңбек ету қажеттігі айтылды.
Кеш өте мағыналы, мәнді өтті, көрермендерге рухани азық сыйлап, көңілді тарқасты.

#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#менбуллингкеқарсымын
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *