Skip to content

«АДАМДЫҚ БОРЫШ, АР ҮШІН» Кітап көрмесі 9-мамыр Жеңіс күніне арналып…

«АДАМДЫҚ БОРЫШ, АР ҮШІН»
Кітап көрмесі

9-мамыр Жеңіс күніне арналып ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым ету мақсатында 2024 жылдың 4 мамыр күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледж кітапханасының оқу залында «Адамдық борыш, ар үшін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерін ұлықтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарауға үйрету болды.
Кітап көрмесіне сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерліктерінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи, көркем әдебиеттерге Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», Т.Бегильдинов «Аспандағы айқастар», Т.Ахтанов «Қаһарлы күндер», Ш.Мұртаза «Соғыстың соңғы жесірі», А.Бек «Волоколамск тас жолы», Ахметбеков «Солдат победы», т.б. кітаптарға кең көлемді шолу жасалды. Сонымен қатар, қатысушыларға қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Қошаманова Ғ. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы, Батыр атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер Талғат Бигелдиновтың соғыс жылдарындағы ерлік істері туралы әңгімелей отырып, соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық қызметі жайында және Қазақтың қос батыр қыздары Алия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың Отан қорғаудағы ерліктері жайында айтып берді.
Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшіліктің және қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбынын, Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу.

#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *