«МАҚСАТТЫ НЫСАНАЛЫ ТАПСЫРЫС – КЕПІЛДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ»
9 сәуір 2024ж күні «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен «АйСервисТранс» ЖШС мекемесі базасында «Мақсатты нысаналы тапсырыс–кепілді жұмысқа орналасу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты:
Техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Білікті маман тәрбиелеп, келісілген мекемеге жұмысқа орналастыру. Еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығын жою.
Жұмыс беруші талабына сай оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жасау;
Оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін өндіріске енгізіліп жатырған жаңа технологиялары- мен және жабдықтармен таныстырып отыру мақсатында өндірісте тағылымдамадан өткізу.
Бүгінгі таңда, оқу орнымен «АйСервисТранс» ЖШС кәсіпорны тығыз жұмыс жасауда. Мекеме өз стратегиялық жоспарына сәйкес кадр тапшылығын болдырмау үшін алдын ала білім алушыларға өз талаптарына сай толық адаптациядан өткен бітірушілерді жұмыспен қамтамасыз етеді. 2023-2024 оқу жылында колледждің 90 білім алушылары мақсатты нысаналы оқыту жүйесі бойынша білім алады. Білім алушылар практикалық сабақтарын кәсіпорнында өтеді.
Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар: «АйСервисТранс» ЖШС мекемесінің қызметкерлері, «АйСервисТранс» ЖШС мекемесінде жұмыс істейтін колледж түлектері, №78 жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары және ұстаздары.
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#oquagartu
#талап
#типо
#talap_tvet
Прокуратура Шымкент
Шымкент Қаласының Полиция Департаменті
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#менбуллингкеқарсымын
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие










