Skip to content

«КӨРІСУ КҮНІ» ҚҰТТЫ БОЛСЫН! (1) 14-наурызда Қазақстанда – Көрісу күні!…

«КӨРІСУ КҮНІ» ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
(1)

14-наурызда Қазақстанда – Көрісу күні! Осы күннен бастап халқымыз қыстан аман шыққанына қуанып, құттықтасып, мереке тойлайды.
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі барша Қазақстандықтарды «Амал күні» мерекесімен құттықтайды!
Жаңа жастарыңыз құтты болсын! Қазан толы болсын!

Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл – көненің желісі еді.
«Жасың құтты болсын!»-деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал қол беріседі.
Көріседі – «Көңілдер жібісін» деп,
Көріседі – «Тасысын ырысың!» деп.
Көріседі – «Көк мұз да жылысын» деп,
Көріседі – «Оң болсын Ұлысың!» деп.
Көріседі – қайғы-мұң кетіруге,
Көріседі – қайтадан жетілуге.
Алты ай қыстан арыған жанын демеп,
Көріседі – бел буып, бекінуге.
Ағайынды араздық ірітеді,
Ауызбірлік, ынтымақ-үгіт – емі.
Ескі жылда қатқан мұз, қалған сызды
Көріскен күн көңілмен жібітеді.
Бұзуға бұл дәстүрді еш бата алмайды,
Тірі пенде тып-тыныш жата алмайды.
«Ырыс алды – ынтымақ, бірлік қой»-деп,
Абыз шалдар алыстан мақалдайды.

#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#oquagartu
#талап
#типо
#talap_tvet
Прокуратура Шымкент
Шымкент Қаласының Полиция Департаменті
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
#oku_agart
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#MeninQazaqstanym
#құқықбұзушылыққақарсымын
#қалапрокуроры
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#антикор
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#менбуллингкеқарсымын
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *