ЖАС ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Колледж әдіскері С.А.Нуртазинаның ұйымдастыруымен жас педагогтарға арналған «Бағалау критерийлері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің мақсаты: Белгіленген мақсаттарға жету деңгейін бағамдауға қолданатын бағалау критерийлерін анықтау.
Тренинг барысында С.А.Нуртазина жас педагогтарға сабақ жоспарлау барысында бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптерін (қағаз және электрондық форматта) дайындау барысында әртүрлі бағалау критерийлерін көрсетті. Сонымен қатар, оқытушылар өздерінің сабақтарының тақырыптары бойынша бағалау критерийлерін анықтап, өз нәтижелерімен бөлісті.










