«АТА – АНАНЫҢ ҚАДІРІ»
11.01.2024ж күні М.Өтебаев атындағы ЖЖТК-нің ЖІЖК студенттік парламентінің "Құқық және тәртіп" фракциясы “Ізігілікке жарысайық” қайырымдылық қорымен бірлесе «Ата – ананың қадірі» тақырыбында кездесу үйымдастырды.
Кездесу басында құқық және тәртіп фракциясының депутаты Арыстанұлы Алнұр студент жастарға тақырып жайлы айтып, келген қонақтарды таныстыра отырып, тақырыпқа байланысты бейнеролик ұсынды.
Өз кезегінде Қайрат Бақытұлы жастарға Ата-ананың қадірі туралы мағлұмат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар қамқоршылар кеңесінің мүшесі, қонағымыз Әнуарбек Әбдешұлы ағамыз тақырып бойынша өз ойын айтып, жастарға ақылын берді.
Кездесу өте мағыналы, пайдалы мағлұматтарға бай болды.
Кеш қонақтары:
1. Колледж Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Калиев Әнуарбек Әбдешович
2. “Ізігілікке жарысайық” қайырымдылық қорының директоры Қайрат Бақытұлы
3. Ата-аналар комитетінің мүшесі Дабарова Нурсулу






