Skip to content

ТАЗА СЕССИЯ 28.12.2023ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің…

ТАЗА СЕССИЯ

28.12.2023ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің комплаенс офицері А.Шалдарбеков сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі бойынша оқытушылар арасында «ТАЗА СЕССИЯ» акциясы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 51-бабының 7,8 тармақтарына сәйкес педагог өз қызметінде педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға, білім алушылардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екендігі туралы, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, оқу орынға қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алу, мерекелік іс-шараларға студенттерден ақша жинау және тағы басқа мақсатта ата-аналардан, ата-аналар комитеті атынан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі қатаң түрде тыйым салынғаны, студенттерден ақша жинамау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңның 63 бабын басшылыққа ала отырып, назарға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *