«ОТАН ТАРИХЫ ӘДЕБИЕТТЕРДЕ»
Студенттік конференция
2023 жылдың 21 желтоқсанында «Есептеу техникасы» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Оқуға құштар колледж» аясында «Отан-тарихы әдебиеттерде» тақырыбындағы студенттік конференциясы болып өтті.
Мақсаты: Студенттердің оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынасын жақсарту, ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету, кітап оқу ынтасын арттыру.
ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өрнектеудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл ойының болатыны көрсетілген. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырамыз.
Осыған орай «Оқуға құштар колледж» аясында «Отан-тарихы әдебиеттерде» тақырыбындағы студенттік конференциясына арнайы шақырылған қонақтарымыз бен таныстырып өтсек.
1. Мырзалиева Эльмира Казбековна., Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
2. Байдуллаева Слухан Кемелхановна., Әль-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасының сирек кітаптар бөлімінің басшысы
3. Байгуатова Жанат Туякбаевна колледжіміздің «Тілдер кафедрасы» оқытушысы
4. Дәуренбаева Айсұлу Алиповна колледжіміздің оқу әдістемелік бөлімінің меңгерушісі
5. Бекаманова Маржан Мелдебекқызы колледжіміздің кітапханашысы
Конференцияға бөлім студенттерінің белсенділігі өте жоғары және жетекшілері де өте белсенді қатысты.







