ЖАСТАР «АЛЛАЖАР» ФИЛЬМІН КӨРДІ
М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжі жатақханасының тәрбиешісі А.Ж.Мұсабектің ұйымдастыруымен «Желтоқсан шежіресі–елімнің мәртебесі» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында жатақхана жастарына 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғалары туралы қазақстандық «Аллажар» көркем фильм көрсетілді.
Мақсаты: Студенттерге тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.
Тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолындағы құрбандарды еске алу.
Көрнекілігі: Желтоқсан оқиғасының құрбандарының (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол) суреттері, интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, мазмұнды суреттер, шарлар, нақыл сөздер, кино фильм.





