Skip to content

«ЖЕЛТОҚСАН ШЕЖІРЕСІ-ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ» 14.12.2023ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар…

«ЖЕЛТОҚСАН ШЕЖІРЕСІ-ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ»
14.12.2023ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледж кітапханасында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «ЖЕЛТОҚСАН ШЕЖІРЕСІ-ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты – ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрмеге 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысы, оған қатысушылар туралы құжаттар, желтоқсан көтерілісінің бізге беймәлім қырларын баяндайтын кітаптар, сондай-ақ еліміздің тәуелсіздік алған кезінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы баспадан шыққан басылымдар қамтылды. Көрмеге кітап, мақалалар мен фотосуреттер қойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *