"ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ" АРТТЫРУ КЕРЕК
04.12.23ж күні М.Өтебаев атындағы ЖЖТК студенттік парламентінің “Құқық және тәртіп” фракциясының ұйымдастыруымен дін саласының мамандары "Діни сауаттылық" тақырыбында кездесу өткізді.
Іс – шараға арнайы келген мамандар студент жастарға қажетті мағлұматтар айтып, бейнебаян көрсетті. Өз кезегінде жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып жауаптарын алды, кездесу соңында фракция депутаты Орынбасар Алнур өзінің замандастарын діни сауатты болуға шақырып, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Бізде қонақта:
* Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары: Дәулетұлы Көбей және Абдувахидұлы Рахымжан
* Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің маманы: Әшім Сұлтанбек Шеріұлы.





