Skip to content

«ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ҚАУІПТІ» М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Сырғалым»…

«ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ҚАУІПТІ»

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Сырғалым» қыздар клубының төрайымы Орынбасарова А.О. мен колледж медбикесі Набатова Ж.К. бірлесе ұйымдастырылуымен 30.11.2023 жылы 1-4 курс қыздары арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізу бағытында қыздар кеңесі өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, белсенді шығармашылық іс әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрімен сусындаған жоғары деңгейдегі мәдениетті және адамгершілігі мол, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру.
Келген қонақтарымыз қыздарды сөзге тартып, өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға мүмкіндік бере отырып, кәмелет жасына толмаған қыздардың аяғын андап басудың басты алғышарттарымен таныстырды. Ерте жастағы жүктіліктің ең алдымен денсаулығына кесірін тигізсе, болашағына балта шабатыны турасында түсіндірді
Бізде қонақта:
1. «Студенттік емхана» ЖШС қызметкерлері, гинеколог – Орынбасар Саламат Жанболатқызы
2. «Студенттік емхана» ЖШС инфекционист эпидемиолог- Аширова Жанат Омирзаковна
3. М.Өтебаев атындағы ЖЖТК жалпы тәжірибелі дәрігері Бүркітбаев Қазыбек Асылханұлы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *