ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
М.Өтебаев атындағы ЖЖТК әдіскерлері жас педагогтарға «Теориялық және практикалық сабақтарда қолданылатын әдістер» тақырыбында әдістемелік-семинар өткізді.
Мақсаты: Жас педагогтардың сабақ өту барысында жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды меңгерту.
Семинарда әдіскер Оразова Г.Ф. сыни тұрғыдан ойлау технологиясының оқыту әдістерін теориялық сабақ барысында қалай қолдану қажеттігін түсіндірді. Ал, әдіскер Нуртазина С.А. практикалық сабақтарды қызықтыра өткізу әдістерімен бөлісті. Семинар соңында жас педагогтар сабақ беру барысында кездесетін қиыншылықтары мен ұсыныстарын айтты.





