БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТРЕНД
(Дөңгелек үстел)
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТРЕНД, ЖАҢА КӨЗҚАРАС» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Студенттердің таңдаған мамандықтарына деген ынта – ықыласын арттыру, ІТ саласы туралы түсініктерін кеңейте отырып, болашақтарына бағдар беру мақсатында өткен іс-шараға Әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер арнайы шақырылды.
Дөңгелек үстел барысында түрлі ойлар, мамандықтың маңызы мен мүмкіндіктері ортаға салынып, студенттер қонақтарға сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушылары – Ж.Е.Исабаев, Рахымбаева Г.Н. және Ж.З.Дайрабекова









