«АДАЛДЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ-АДАМДЫҚ ЖҮРЕДІ»
2023 жылдың 27-қазан күні «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде» Шымкент қаласындағы колледждерде құрылған «Sanaly urpaq» клубтарының қалалық слетінің бағдарламасына сәйкес «АДАЛДЫҚ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ-АДАМДЫҚ ЖҮРЕДІ» тақырыбында студенттік конференциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Адалдыққа бастау арқылы заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою болып табылады.
Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.










