Skip to content

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» Қалалық пікірсайыс турнирі Ағымдағы жылдың…

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ»
Қалалық пікірсайыс турнирі
Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Шымкент қаласы қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен студенттердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойына құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті қалыптастыру, дебаттық қозғалысты насихаттау, қолдау және дамыту мақсатында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі базасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
Американдық – парламенттік формат (АПФ) және Линкольн – Дуглас (ЛД) форматы бойынша өткізілген турнирге қала колледждерінен ойы жүйрік, тілі ұшқыр студенттерден құралған 14 команда бас қосып, сайысқа түсті.
Ұтқыр ой мен ұшқыр сөздің иесі бола білген «Ақиқат пікірсайыс орталығының» белсенділері қатысушылардың шешендік өнеріне төрешілік етті.
Нәтижесінде:
1-орынды Шымкент қаласының білім басқармасының «Политехникалық колледжі» «Қозғалыс» фракциясы иеленіп, 30000 (отыз мың) теңге қаржылай сыйлықты және кубокті қанжығасына байлады;
2-орын «Орда» фракциясы – 15000тг (Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық – экономикалық колледжі);
3-орын «Парасат» фракциясы – 10000тг (Мардан Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі) және «Зайырлы қазақ» фракциясы – 10000тг (Политехникалық колледж).
Жекелей сында «Ең үздік спикер» номинациясымен «Зиялы қазақ» фракциясының лидері Егізбай Адас (5000 теңге және кубок), «Үздік спикер» номинациясымен «Орда» фракциясының лидері Аманжол Марлен (5000тг) марапатталды.
Сонымен қатар, «Үздік төреші» номинацисымен (кубок) төреші – Амирова Айнұр марапатталды.
Қорыта келгенде, осындай өткізілген әрбір дебаттық турнирлермен студенттердің шешендік өнерге деген қызығушылықтарын арттыра аламыз деп есептейміз. Міне, осы орайда, жетекшілердің де үлесі зор. Ендеше, кешегіні білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенімді тұлға тәрбиелеуде аянбай еңбек ете беріңіздер, жетекшілер!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *