«БЕС НӘРСЕГЕ АСЫҚ БОЛ!»
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде ҚР-02-22 тобының кураторы Асанхан Арайлым Ахметжанқызының ұйымдастыруымен «Бес нәрсеге асық бол» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Қазақ халқының Ұлы ақыны Абай өмірімен таныстыру. «Бес нәрсеге асық бол» сөздерінің мәнін ашып меңгерту, студенттердің ой-өрісін кеңейту мақсатында өткен іс-шараға арнайы шақырылған әнші Жан Нұрманың өнерін 450 көрермен тамашалады.


