Skip to content

ЖАС ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН КОУЧИНГ 12.10.2023 жылы колледжде директордың оқу-әдістемелік жұмыстары…

ЖАС ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН КОУЧИНГ
12.10.2023 жылы колледжде директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.А.Дауренбаева және әдіскер С.А.Нуртазина «Жас педагогтардың құзыреттілін дамыту» тақырыбында жас педагогтарға арналған коучинг өткізді.
Коучингтің мақсаты: жас педагогтердің практикалық білімін, іскерлігін және дағдыларын, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
Коучинг барысында А.А.Дауренбаева жас педагогтарға академиялық дербестік шеңберінде білім беруге қажетті нормативтік құжаттармен таныстырса, ал С.А.Нуртазина оқытатын модульдер/пәндер саласындағы бейін бойынша педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, оқыту әдістемелері және психологиялық-педагогикалық тәсілдерді қолдану, күнделікті, ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауда критериалды бағалау, модуль бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын қалай әзірлеу қажеттігін түсіндірді. Коучинг барысында ойындар ойнатылып, жас педагогтар өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын, жылы лебіздерін білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *